Сауран өңірінде 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңын іске қосу бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыру жалғасуда. Қуаттылығы жылына 4 мың тонна ет өндіретін инвестициялық жобаның құны 3,5 млрд теңгені құрайды. «Әл-Береке» ауылшаруашылық кооперативі 6 бокс салуда, мал сою пункті, мұздатқыш, тұшпара цехы және құрал-жабдықтар алынды. Қазіргі таңда 1000 бас ірі қара бордақылауға жіберілген. Жоба екі айдың ішінде толық іске қосылады.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 1000 ірі қараға арналған өндірістік қуаттылығы бар 22 бордақылау алаңы бар. Бордақылау алаңдарының жалпы сыйымдылығы 46,5 мың ірі қара малға арналған.