RSS лента

«Шеберлік құпиясы – еңбекке шыңдалу»  атты мастер-класс өтті

  • 29.09.2025, 00:04,
  • 27
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

«Еңбек пен шеберлік» жоба шеңберінде «Шеберлік құпиясы – еңбекке шыңдалу»  атты мастер-класс өтті.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында WORKSHOP «Еңбек пен шеберлік» жоба шеңберінде «Шеберлік құпиясы – еңбекке шыңдалу»  атты мастер-класс өтті.

Мақсаты — жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіби бағдар беру, еңбекке баулу және тәжірибелік дағдыларды дамыту арқылы олардың еңбек нарығына бейімделуіне жағдай жасау.


Мазмұнды бағдарлама 3 негізгі бағытты қамтыды:

  1. Машинист жұмысы — электровозды іске қосу және тоқтату машықтары;
  2. Теміржол логистикасы — жүк тасымалын жоспарлау және қозғалыс кестесін құрастыру;
  3. Автоматика және телемеханика — бағдаршамдар мен қауіпсіздік жүйелері;


Қатысушылар практикалық жаттығулар арқылы өз қабілеттерін сынап, нақты өндірістік жағдайларда кездесетін міндеттерді шешудің жолдарын үйренді. Сондай-ақ, сала мамандарымен тікелей тілдесу мүмкіндігі жас ұрпаққа болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берді.


Шара жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін қайта қарауға серпін берді. Алдағы уақытта осындай практикалық форматтағы кездесулер жұмысшы кәсібінің маңызын насихаттап, кәсіби білім мен дағдының құндылығын арттыруға ықпал етеді деген сенім бар.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости