RSS лента

Қазақстан жұмысшы кадр даярлауда әлемдік деңгейге шықты

  • 16.05.2025, 12:24,
  • 26
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Оқу-ағарту министрінің Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапарының аясында халықаралық біліктілігі бар мамандарды даярлайтын Қазақстан-Қытай кәсіптік-техникалық колледжін құру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі – баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова хабарлады. Бұдан басқа, колледждерді интернационалдандыру аясында Жапония, Франция, Қытай, Түркия, Ресей мемлекеттерімен түрлі ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылып, бүгінде қазақстандық студенттер мен педагогтер осы елдердің колледждері мен серіктес кәсіпорындарында оқудан және тағылымдамадан өтуде.

 

Сондай-ақ, елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау, колледждерді интернационалдандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

«Мектеп оқушыларына ерте кәсіби бағдар беру мақсатында алғаш рет наурыз айында педагогикалық лауазымдар тізіміне педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымы енгізіліп, кәсіпорындармен, колледждермен бірлесіп мектептерде бейіндік сыныптар ашылуда. «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі, «Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауы, «Еңбек кубогы» колледж студенттерінің спартакиадасы өтті», – деді спикер.

 

Бүгінде Қазақстанда 772 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 565 мың студент білім алуда. Оның ішінде 173 мың түлек биылғы жылы еңбек нарығына дипломмен шығады деп жоспарланып отыр.

 

2024 жылы маман даярлауға грант көлемі 10 мың орынға артты, биыл 100 пайызға жетеді. Студенттердің шәкіртақысы 2 есеге өсті. Одан бөлек, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім алатын студенттерді жатақханамен, ыстық тамақпен қамту, жол шығындарын өтеу бойынша әлеуметтік қолдау тұрақты көрсетіліп келеді.

 

«Бұл өз кезегінде жастар арасында жұмысшы мамандықтарға түсуге ниет білдірушілердің қатарын арттыруға ықпал етті», - деді Мереке Нұрмұханова.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости