RSS лента

Ұстаздар «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім ала алады

  • 03.11.2023, 12:41,
  • 312
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Сапалы білімнің негізі педагогтердің әлеуетін үзіліссіз арттыруда жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында мәлім етті. Оның айтуынша, педагогтердің кәсіби біліктілігін дамыту жүйесі түбегейлі өзгертілуде.

 

«Биыл 140 мыңнан аса педагог біліктілікті арттыру курстарымен қамтылады. Бұл ретте ауыл педагогтеріне басымдық берілуде. Олардың үлесі 70% құрайды», -деп атап көрсетті ведомство басшысы.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аса өзгермелі жағдайларда басқаруға дайын кәсіби көшбасшыларды іріктеу және даярлау үшін «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы қолға алынды. Оның бірінші кезеңі аяқталды.

 

«Қазіргі уақытта 210 қазақстандық педагог «педагогикалық білім беру» бағыттары бойынша «Болашақ»халықаралық бағдарламасы аясында шетелде тағылымдамадан өтуде. Педагогтерді ынталандыру мақсатында қызметінде жүрген тәжірибелі топ менеджерлер «Болашақ» бағдарламасымен үш-алты айлық тағылымдамадан өту үшін шетелге жіберілетін болады», - деп түсіндірді спикер.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости