Мемлекет басшысының сөзінен:
2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды. Соңғы 4 жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 %-ға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды.
Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен 3 жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді.
Өрендеріміз ширек ғасырда әлемнің ең беделді пән олимпиадаларынан 12 мыңға жуық медаль иеленді. Бұл – Израиль, Түркия, Канада сияқты білім сапасы жоғары мемлекеттермен шамалас көрсеткіш.
Білім беру саласына қатысты бірқатар маңызды мәселеге тоқталды:
- ұстаздардың біліктілігін арттыруымыз керек;
- алаларымыз заманға сай озық білім алуы қажет;
- мектептегі орын тапшылығын жою – өте маңызды міндет;
- мектеп ең қауіпсіз орынға айналуға тиіс. Мемлекет баланың құқығы мен қауіпсіздігінің қорғалуын қамтамасыз етуі керек;
- маңызды міндет – қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою;
- білім беру үдерісін цифрландыру қарқынын жеделдету маңызды;
- оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру керек.