RSS лента

Ауызсуға қатысты желіде тараған жаңалық жұртты шошытты

  • 27.11.2025, 16:16,
  • 45
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Атырауда судағы хлор көрсеткіші 0,35 мг/л болып тіркелді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК зертханасының меңгерушісі Асылжан Сиюмованың айтуынша су сүзгі стансасындағы қалдық хлор көрсеткіші қалыпты деңгейден төмен.

 

– Хлордың рұқсат етілген нормасы 0,8–1,2 мг/л. Қазіргі көрсеткіш нормадан төмен және адам денсаулығына қауіпсіз. Барлық учаскеден алынған су сынамалары толық нормаға сәйкес шықты», – деді ол.

 

Су тазалау қондырғылары бөлімінің басшысы Жеңіс Елмахамбетов хлор иісінің пайда болуын былайша түсіндірді...

 

«Су тұтыну төмендеген кезде құбырларда судың айналымы баяулайды. Сол кезде қалдық хлор қысқа уақытқа жиналып, суды алғаш ашқанда жеңіл иіс сезілуі мүмкін. Бұл қалыпты құбылыс және судың сапасына әсер етпейді» дейді ол.

 

Мамандар ауызсудың ішуге, тамақ дайындауға және тұрмыстық мақсатта пайдалануға толық жарамды екенін ресми түрде мәлімдеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц