- Бізде аккредитацияланған зертхана бар. Ондағы қвзметкерлер үнемі аттестациядан өтіп тұрады, - деді М.Қалауи.
Халыққа беріліп жатқан ауыз су үш компонент бойынша тексеріледі. Су қорын жинақтау да тұрақты қадағалауға алынған.
- Тасқын кезінде жұмыс бұрынғыдан күшейтіледі. Бұл кезде қалыптасқан ахуалға байланысты 12 компонент бойынша сынама алынады. Зертхананың 23 қызметкері тәулік бойы Жайық суының сапасын түсіне, лайлануына, басқа да талаптарға сай тексеріп отырады. Әсіресе өр суы келетін кезде бұған асқан жауапкершілікпен қараймыз. Суды тазартуға қажетті коагулянт, химикаттар мен өзге де қоспалар қоймада жеткілікті, - деп сендірді Мейірім Жоламанұлы.
Су тасқынына ұшыраған өңірлерде санитарлық-дезинфекциялық режим сақталып, ауыз су мен қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыру бақылауда болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Уразалиева мәлім етті. Бұл туралы kaz.inform.kz мәлім етті.
«Санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге су сынамаларын зерттеу жүргізіледі. 4 мыңнан астам су сынамасының 133 сынамасы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді. Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш өткен екі жылдың қорытындысы бойынша орташа республикалық жылдық көрсеткіштен аспайды. Өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, жағдай денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында», - деді Әйгерім Уразалиева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, министрлік өкілі эвакуациялық пункттерде ауыз су режимін және қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыруды бақылау жүргізіледі. Санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады.