RSS лента

Енді судың әр тамшысы үнемделе ме?

  • 04.07.2023, 21:59,
  • 234
  • 0
  • Автор:
Автор фото: truthout.org

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов су мен су ресурстары тапшылығының салдарын жеңілдету үшін қажет шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Экология министрлігінің өкілі Қазақстанның жан-жақтан келетін трансшекаралық өзен суларына тәуелділігі бар болғандықтан көрші мемлекеттердегі су ресурстарына қатысты жағдай елімізге де әсер ететінін атап өтті. Көршілес елдердегі мұздықтардың еруі, жауын-шашынның аз түсуі сияқты қазіргі табиғи-климаттық жағдайға байланысты суды пайдалануға қатысты оларда да судың азаюы байқалып отыр.

 

    «Қазақстан атқаруы керек негізгі шаралар – өзіміздің ел ішіндегі ресурстарды мүмкіндігінше толық пайдалану. Әсіресе, көктемгі тасқын суларды, қар суларын жинап алу бойынша да Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін  су қоймаларын салу жоспары бар», – деді Сейілбек Нұрымбетов.

 

Одан бөлек, Қазақстандағы пайдаланылып жатқан барлық суару жүйелерінің қазіргі жағдайын жақсарту арқылы сол жердегі су шығындарын барынша азайту көзделеді. Ол үшін судың есебін жүргізіп, суару каналдарындағы ауыл шаруашылығы негізінен пайдаланылатын дақылдар үшін пайдаланылатын судың шығынын азайту қажет.

 

    «Сонымен қатар мұның барлығын автоматтандырып, цифрландыра отырып есебін жүргізетін болсақ, қолда бар ресурстармен әрі қарай де егіс көлемі болсын, азық-түлік қауіпсіздігі болсын, міндеттерді орындауға болады деп ойлаймын», –  деп түйіндеді С. Нұрымбетов.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости