RSS лента

Алда су тапшылығы болуы мүмкін...

  • 04.05.2023, 17:07,
  • 298
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидолла Азидуллин вегетациялық кезеңге байланысты су шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді қозғады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Су шығынын азайту бойынша қандай жұмыстың атқарылып жатқаны туралы журналистің сауалына жауап бере отырып вице-министр қазіргі таңда жаңа Су шаруашылығын басқару тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты. Оған сәйкес көптеген каналдар реконструкцияланады. Оған қарамастан, осы уақытқа дейін әсіресе, оңтүстік өңірлерде ирригациялық жүйелерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


«Аталған барлық проблемалар тұжырымдамаға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асады», – деді Ғ. Азидуллин.

 

Соңғы үш жыл ішінде елімізде 3500 шақырым каналға реконструкция жасалып, нәтижесінде 250 млн текше метр су шығыны қысқарған. Ал биыл 2129 шақырымға тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Мұның барлығы су шығынын қысқартуға септігін тигізетінін айтты спикер.

 

Сонымен қоса ол көршілес елдермен трансшекаралық суларға қатысты мәселелердің қалай шешіліп жатқаны туралы баяндады. Сырдария өзені бойынша Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су көлемі бүгінгі таңда келісілген.

 

    «Тәжікстанмен Бахри-Точик су қоймасынан жіберілетін су көлемі бойынша үшжақты кездесу өткізіп, бұл мәселені шешу жоспарлануда. Қырғызстанмен Шу-Талас өзендері бойынша жіберілетін судың көлеміне қатысты біздің ұсынысымыз енгізіліп, алдын ала бекітілді деп есептеуге болады», – деді вице-министр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости