RSS лента

Қазақстанда дроптар заң жүзінде жауапқа тартылмақ

  • 09.07.2025, 16:39,
  • 21
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Елімізде киберқылмыстардың алдын алу үшін әр тоқсан сайын республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Екінші деңгейлі банктермен бірлесіп «Антифрод-орталығы» аясында өзара іс-қимыл жолға қойылған. Нәтижесінде осы платформа арқылы азаматтардан ұрланбақ болған 2,6 млрд теңгеден астам қаражаттың шығарылуына жол берілмеді. Байланыс операторларымен бірлесіп «Антифрод» жүйесі енгізілді, соның арқасында шетелден жалған нөмірлерден 66,9 млн қоңырау бұғатталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, бұл – Департаменттің үйлесімді жұмысы және серіктестермен іс-қимылды үйлестірудің нәтижесі.

 

«Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған қылмыстар үшін 870 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаға алаяқтық қарыздарды беру тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған бірқатар нормалар енгізілді, оның негізгілері: өз еркімен несие алудан бас тарту; биометриялық сәйкестендірусіз онлайн-несие беруге банктерге тыйым салу; жұбайының  келісімінсіз несие беруге тыйым салу; 150 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға онлайн-несие беру мерзімі бір тәулікке  дейін ұзартылды; ақпаратқа заңсыз қол жеткізу анықталған кезде банктер тарапынан ден қою шаралары; бірінші несие тек банк бөлімшелерінде ғана рәсімделетін болды», – деді ведомство өкілі.

 

Сонымен қатар «Байланыс туралы» Заңға бірнеше толықтыру енгізілмек. Мәселен, оннан астам нөмірді тіркеу үшін азаматтар ұялы байланыс операторларына қажетті негіздерді ұсынуы қажет болады. Ал, абоненттік нөмір тек биометриялық сәйкестендіру арқылы рәсімделеді. Алаяқтықтарды жасауға жол беретін GSM-шлюздерді елімізге әкелуге, тіркеуге, өткізуге және қолдануға шектеулер қойылады.

 

ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс тобы шеңберінде дроптардың жауапкершілігін енгізу пысықталды. Қазіргі уақытта Заң жобасы Мемлекет басшысымен қол қою үшін Президент Әкімшілігіне жолданды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости