- Бұл жалған ақпарат болып табылады және адамдарды шатастырып, қаржылық алаяқтыққа себеп болуы мүмкін. «KEGOC» АҚ пайдаланушылардан бұл жарнамаға назар аудармауды, жеке деректер мен құпия ақпаратты енгізбеуді және сақ болуды сұрайды. «KEGOC» АҚ акциялары тек KASE және AIX биржаларында орналастырылған, олар бойынша кез келген операцияны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі немесе басқа да уәкілетті орган лицензиялаған брокерлермен ғана жүргізу қажет, - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, KEGOC ақпаратты ашу үшін тек ресми арналарды пайдаланады, олар:
ресми сайт: www.kegoc.kz
әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар:
Facebook: www.facebook.com/KegocJsc
Instagram: www.instagram.com/kegocofficial/
және ресми бұқаралық ақпарат құралдары.