RSS лента

Әділет министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады

  • 08.11.2024, 18:14,
  • 275
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

WhatsApp мессенджері және өзгеде әлеуметтік желілер арқылы ел азаматтарына алаяқтар мүліктерінің бұғатталғаны туралы жалған хабарлама таратуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

"Құрметті Қазақстандықтар! WhatsApp мессенджері және өзгеде әлеуметтік желілер арқылы ел азаматтарына алаяқтар мүліктерінің бұғатталғаны туралы жалған хабарлама таратуда. Сіздерге мұндай хабарлама келген жағдайда Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (АИС ОИП https://aisoip.adilet.gov.kz/) кіріп жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы ақпаратты рас немесе жалғандығын тексеруді сұрайды.


Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының тізілімі мен байланыс деректерін сіз келесі сілтемелерге өту арқылы http://www.gov.kz/.../ent.../adilet/about/structure/105/1..., https://aisoip.adilet.gov.kz/forCitizens/departments тексеруге болады. Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді танымайтын бөтен тұлғаға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді. Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172 58-00-58) нөмірі бойынша хабарласуға болады" делінген хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
       
ЭКОНОМИКА
13.12.2416:22
Доллар немного подешевел  
 
Все новости