Соңғы уақытта қаскөйлер өздерін медицина мамандары ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалуда немесе хабарлама жазуда. Бұл туралы stopfake.kz мәлім етті.
ҚР ІІМ ресми Telegram каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар.
Алаяқтар диспансерлеуді немесе флюорографияны ұсынады. Содан кейін олар ыңғайлы күнді таңдап, SMS-код арқылы жазбаны растауды сұрайды.
«Ешқандай жағдайда кодты айтпаңыз! Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады.
Осы туралы жақындарыңызға, әсіресе, егде жастағы адамдарға айтыңыз», – делінген ҚР ІІМ хабарламасында.