Әлеуметтік желілердегі түрлі парақшалар мен алаңдарда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акциялары арқылы ақша табуға арналған инновациялық платформаны іске қосу туралы жалған бейнеролик таратылды. Бұл – жалған ақпарат.
– «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бағалы қағаздары ҚР және Ұлыбритания қор биржаларының ресми тізімдеріне енгізілген. Оларды биржалардың қатысушылары – лицензияларға ие брокерлер арқылы ғана сатып алуға болады.«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өз акциялары мен ЖДҚ-ға қатысты инвестициялық ұсынымдар бермейді. Сізден қырағылық танытып, тексерілмеген ақпарат көздеріне сенбеуіңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Компанияның барлық ресми мәлімдемелері, жаңалықтары мен оқиғалары қашанда тек компанияның https://kazatomprom.kz ресми сайтында және компанияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады:
-Telegram арна - @kazatomprom_official
- Instagram - @kazatomprom
- Facebook - https://www.facebook.com/kazatomprom.kz