RSS лента

Пәтер аралап жүрген кімдер?

  • 14.11.2024, 14:25,
  • 36
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ІІМ өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, пәтер аралап жүрген адамдар туралы хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бір топ адамдар жеке куәліктерді тексеру және биометриялық деректерді жинау үшін пәтерлерді аралап, өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратыны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы stopfake.kz мәлім етті.



ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.


«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости