RSS лента

Бұрынғы ішкі істер министрінің ісі сотқа түсті

  • 22.07.2024, 09:07,
  • 306
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс қылмыстық соттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметі растады.

 

«Іс «өте құпия» деген белгімен келіп түсті» деп хабарлады қалалық соттан.

 

Еске сала кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап басқарды. Ол лауазымынан қаңтар оқиғаларынан соң, 2022 жылы босатылған болатын.

 

Бұрынғы Ішкі істер министрі биыл 30 сәуірде ұсталған еді. Ал, 2 мамырда Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың екі айға қамалғанын хабарлады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости