RSS лента

Алмазбек Атамбаевқа билікті күшпен басып алды ма?

  • 15.09.2021, 01:28,
  • 439
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Алмазбек Атамбаевқа билікті күшпен басып алды деген айып тағылуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

14 қыркүйекте Қырғызстан ІІМ тергеу қызметіне билікті басып алу туралы іс материалдары келіп түскен. Нәтижесінде сол күні Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асанов ұсталып, оның үйінде шұғыл тінту жұмыстары жүргізілген.

 

Бұл істе елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаев пен депутат Жанар Ақаевтың да айыпталып жатқаны туралы ақпаратты Асановтың адвокаты Икрамидин Айтқұлов растады.

 

Бұған дейін ІІМ экс-орынбасары президент Сооронбай Жээнбековтың отставкаға кетуіне әкеліп соқтырған 2020 жылғы қазандағы оқиғалар туралы іс материалдарымен танысу сылтауымен жауап алуға шақырылған болатын.

 

Еске салсақ, Алмазбек Атамбаев 2011-2017 жылдары Қырғызстан президенті қызметін атқарды. Парламенттің шешімі бойынша ол басшылық дәрежесінен айырылып, 2019 жылдың 8 тамызында Кой-Таш ауылындағы резиденциясында ұсталды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости