Бұл ақпаратты 2023 жылдың қаңтарында ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі теріске шығарды. Ол кезде Абай облысының ПД Криминалдық полиция басқармасы тексеру жүргізген.
«Бұл ақпарат жалған. Азамат Дамира Құлмағамбетова әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл төлеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, қыз туралы жалған ақпаратты туған тәтесі таратқан. Бұл туралы қыз әлеуметтік желілердегі парақшасында жазған.