RSS лента

Экология: болашаққа жоспар

  • 30.10.2024, 09:02,
  • 55
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Азаматтардың экологиялық қызметке тартылуы мен ақпарат алуын арттыру, олардың экологиялық дүниетанымын және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауына ықпал ету жөніндегі бірқатар іс-шара «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының «Экологиялық ағарту және ақпараттандыру» атты үшінші бағытында көрініс тапты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтің айтуынша, іс-шаралар ақпараттық қолдаудан бастап ауқымды акциялар мен мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға дейінгі экологиялық ағартудың түрлі аспектілерін қамтиды. Бұл шаралар экологиялық жауапты мінез-құлықтың тұрақты негізін қалауға көмектеседі және осы маңызды іске халықтың кең тобын тартады.  


Мемлекет басшысы атап өткендей, «Таза Қазақстан» – бұл жай ғана экологиялық бастама емес, қалалар мен ауылдарды абаттандыру, сондай-ақ экологиялық сананы дамыту үшін қоғамның күш-жігерін біріктіру сынды жалпылама мақсаттарды қамтитын маңызды әлеуметтік және саяси жоба.  


Тазалық және экологиялық акцияларға саналы түрде қатысу адамдарды қалыптасқан әдеттерін қайта қарастырып, қоқыстарды жиі сұрыптау, қалдықтарды кәдеге жарату, пластиктен бас тарту және табиғи ресурстарды үнемдеуге итермелейді. Осындай акциялар арқылы экологиялық білім беру қарапайым күнделікті әрекеттерден бастап болашақта экологиялық жауапты мінез-құлықтың негізін қалайды.  

 

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда практикалық сабақтар мен су, энергия үнемдеу және ресурс үнемдеудің басқа да түрлерінің технологияларымен танысу үшін демонстрациялық учаскелері бар «Жасыл мектеп», сондай-ақ «Жасыл кеңсе» жобаларын енгізу көзделеді.  


«Желтоқсан айында жергілікті атқарушы органдар Тұжырымдаманың белгіленген мақсаттарын, міндеттері мен индикаторларын ескере отырып, өңірлік ерекшеліктер, кешенді тәсіл негізінде тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарларды бекітеді. Олардың негізінде бүкіл Тұжырымдама шеңберінде іс-шараларды жариялау жөніндегі медиа-жоспарлар айқындалады. Тиімді іске асыру үшін халықтың хабардарлығын арттыру қажет, оның түпкі мақсаты бүкіл қоғамның заманауи экологиялық менталитетін және экологиялық сау ұлтты қалыптастыруға ұмтылу болып табылады», – деп атап өтті спикер ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде .  


Халықты өткізілетін экологиялық іс-шаралар мен акциялар туралы хабардар ету медиа коммуникациялардың түрлі арналары арқылы жүргізіледі. Жомарт Әлиев БАҚ пен әлеуметтік желілер экологиялық іс-шараларды жариялау, жетістіктер мен өзекті мәселелерді талқылау үшін белсенді пайдаланылатынын атап өтті.   


Әлеуметтік желілерде парақшалар мен топтарды құру және оларды насихаттау, экологтар, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен онлайн-вебинарлар өткізу, сондай-ақ ақпараттық инфографиканы, бейнероликтер мен подкастарды әзірлеу және тарату кең аудиторияны ақпараттандыруға және тартуға ықпал етеді.  


Қоршаған ортаның ластануына және экологиялық құқық бұзушылықтарға деген «нөлдік төзімділік» мәдениетін сіңіру мен халыққа экология проблемалардың салдары туралы мәліметтер ақпараттық кампаниялар арқылы жеткізіледі. 


Мемлекеттік органдар мен ұйымдар табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыруға және энергияны үнемдеуге бағытталған ағартушылық және ақпараттық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Экологиялық білімді насихаттау және халық арасында экологиялық мәдениет деңгейін арттыру үшін экологиялық роликтер мен фильмдер жасау және шығару жөніндегі жұмыс жалғасын табады.   


Сонымен қатар театр қойылымдары мен көркем өнер көрмелерін қоса алғанда, экология тақырыбындағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру қарастырылған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости