Құрамына Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Халықаралық Аралды құтқару қоры Арал теңізін құтқаруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған бірлескен мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды іске асырумен айналысады.
«Біз Орталық Азия мемлекеттерімен, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен ынтымақтастықты арттыруды жоспарлап отырмыз. Биыл біз Дүниежүзілік банкпен бірге жүзеге асырылып жатқан Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін бастауды жоспарлап отырмыз. Арал теңізін құтқару - бұл ХАҚҚ-ға қатысушы барлық елдердің бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана орындалатын міндет. Алдағы үш жылда біз осы бағытта маңызды нәтижелерге қол жеткізуге ниеттіміз», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.