RSS лента

Қазақстанды су басу қаупі бар ма?

  • 27.12.2023, 18:54,
  • 511
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген Су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде еліміздегі 15 су қоймасы реконструкциядан өтеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атап айтқанда, күрделі жөндеу жұмыстары Қазақстанның 9 облысында жүргізілетін болады. Бұл нысандардың жалпы көлемі 1,9 текше шақырымды құрайды. Аталған су қоймаларын реконструкциялау 70 мың адам тұратын 64 елдімекенді су басу қаупін азайтуға, сондай-ақ 74 мың га суармалы жерге су беруді жақсартуға мүмкіндік береді

 

    «Су ресурстары және ирригация министрі ретінде жұмыс істеген 3 айда еліміздің 10 облысына барып, су қоймаларын және басқа да маңызды су инфрақұрылымы нысандарын араладым. Өткен аптада аудиторлық палата басшысы ұзақ жылдардан кейінгі тексеріс нәтижелерін жариялады. Алда гидротехникалық нысандарды қалпына келтіру, технологияларды енгізу сынды және т.б. көптеген жұмыс тұр. Гидротехникалық құрылыстар 30 жылдан 50 жылға дейін күрделі жөндеусіз және реконструкциясыз пайдаланылуда, сондықтан қауіптілігі жоғары нысандар болып табылады. Коммуналдық және жеке меншіктегі жекелеген құрылыстардағы жағдай аса күрделі», – деді ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

Жұмыс істеп тұрған нысандарды жөндеумен қатар, кешенді жоспар Қазақстанның 9 облысында көлемі 2,4 текше шақырым болатын 20 жаңа су қоймасын салуды да көздейді. Жоспарды іске асыру су ресурстарының көлемін 3,7 текше шақырымға ұлғайтуға, суармалы жерлердің аумағын 2,2 млн гектарға дейін кеңейтуге, суармалы судың жыл сайынғы шығынын азайтуға және оның көлемін 3 текше шақырымға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости