RSS лента

2027 жылға қарай су тапшылығы мәселесін шешу жоспарлары айтылды

  • 23.11.2023, 14:26,
  • 154
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: Сенат отырысының тікелей трансляциясынан алынған

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы Сенат отырыстарының бірінде су мәселесіне қатысты проблемалар талқыланатынын айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz

Сенатордың айтуынша, 2040 жылға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 млрд текше метрге жетуі мүмкін. Осыған байланысты 2027 жылға қарай қосымша 2 текше шақырым суды қамтамасыз ету үшін 20 жаңа су қоймасын салу және қолданыстағы 15 қойманы күрделі жөндеу жүргізу міндеті қойылды. Сонымен қатар халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі. Сапаның төмен болуының негізгі себептері желілердің тозуы, бақылаудың болмауы, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау жұмыстарының ұзаққа созылуы болып табылады.

 

"Бюджетте 2024 жылға су ресурстарын тиімді басқаруға 95,5 млрд теңге қаражат көзделген, ал 2026 жылғы қаржыландыру 3 есеге қысқарған. Осыдан туындайтын сұрақ: Егер қаржыландыру көлемі жыл сайын азаятын болса 2027 жылға қарай су тапшылығын шешу бойынша қандай жоспарларыңыз бар? Әрі ауыз су сапасына әсер ететін қолданыстағы су қоймаларын жақсарту және жаңа инфрақұрылым салу үшін қандай шаралар қабылданды?" - деді Амангелді Төлемісов. 


Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су ресурстарын басқару жүйесін дамыту 2024-20230 жылдарға арналған тұжырымдамасы жасақталғанын, жыл соңына дейін бекітілетінін айтты. Әрі тұжырымдамада қарастырылған шараларды орындау үшін министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірге әр өңір бойынша кешенді жоспар бекітуде. 2024 жылы бекітілетін қаражаттан бөлек 178 млрд көлемінде жобалар жасақталатынын атап өтті. 


"Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселе бойынша, бүгінгі күні 89 қалада республика бойынша орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 98,4 % халық қамтамасыз етілген. 25 қалада ішінара. Одан бөлек 6295 ауылдық елді-мекендердің 4900-ы толықтай ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. 1395 елді-мекендерді қамтамасыз ету мәселесі шешілуде" - деді министр.  


Өз кезегінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы Сенат отырыстарының бірінде су мәселесіне қатысты проблемалар талқыланатынын айтты. Сенат Спикері су ресурстары бойынша түйткілдер еліміз үшін ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының шешімімен осы бағыттағы проблемаларды шешу үшін арнайы министрлік құрылғанына назар аударып, алдағы уақытта депутаттар тарапынан тиісті қолдау көрсетіле беретінін тілге тиек етті.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости