Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді. Кешенді жоспарды іске асыру аясында ел аумағында жаңадан 20 су қоймасын салу, қолданыстағы 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам суару жүйесін реконструкциялау жоспарланып отыр.
Құжатта қарастырылған осы және өзге де іс-шаралардың нәтижесінде министрлік тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, еліміздегі су қорын арттырып, суармалы жерлердің ауданын ұлғайтуға және су шығынын азайтуға ниетті.