RSS лента

Әшімбаев: су мәселесіне қатысты бағдарламаларды тиісті деңгейде қаржыландыру қажет

  • 21.12.2023, 12:44,
  • 234
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/ronymichaud-647623

Сенат отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов гидротехникалық нысандардың жай-күйі бойынша депутаттық сауалға ауызша жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Сенат Төрағасы Министрлік тарапынан қолға алынған шараларды қаржыландыру мәселесіне назар аударып, Қаржы вице-министрі Эльдар Қазғанбаевқа қарата, бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізу керектігін айтты.


«Жұмыс жоспарымен танысып қана қоймай, ондағы шараларды қаржыландыру мүмкіндіктерін де қарау қажет. Мұндай жоспардың аясында көптеген өзекті проблемалар көтерілетіні белгілі. Бұл ретте бүгін талқыланып жатқан және басқа да мәселелер бар. Осыған байланысты келесі жылы бюджетті нақтылаған кезде аталған жоспарды қаржыландыруға қажетті қаражатты енгізу керек. Әрине, мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктері шектеулі. Дегенмен, су мәселесі еліміз үшін айрықша маңызға ие. Сондықтан Министрліктің осы бағыттағы бастамалары мен бағдарламаларын тиісті деңгейде қаржыландыруымыз керек. Сол себепті, бұл мәселені жан-жақты зерделеп, пысықтаған жөн», – деді Мәулен Әшімбаев.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости