RSS лента

Жалақы 25 пайызға өспек!

  • 23.11.2023, 11:29,
  • 909
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті шараларды әзірлеп жатыр.

 

Бұдан бөлек, Қазақстанның әр өңірінде су ресурстарын бөлу және оны пайдалануды бақылау мәселелерімен айналысатын бөлімдер пайда болады.

 

    «Су саласында қызмет етудің тартымдылығын арттыру қажет, еңбекақыны көтеру – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Әрине, жұмыс істеп жүрген кадрларды салада ұстап қалып қана қоймай, уақыт талабына сай мамандардың жаңа толқынын дайындау да маңызды. Министрлік тиісті ұсыныстар енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр» деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости