RSS лента

Қазақстанда 14 дағдарыс орталығы жұмыс істейді

  • 29.07.2023, 03:02,
  • 418
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Біріккен Ұлттар Ұйымы 30 шілде Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні деп жариялаған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осы күннің қарсаңында ОКҚ алаңында өткен тақырыптық дөңгелек үстел аясында ІІМ, Еңбек министрлігі, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар, заңгерлер адам саудасына қарсы іс-қимыл, қажетті көмек көрсету, құқық қорғау мәселелерін талқылады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары Гаухар Қалмақова әлеуметтік қолдау туралы хабардар етті.

 

«Қазіргі таңда республика бойынша 123 адамға қызмет көрсететін 14 дағдарыс орталығы ашылып, жұмыс істеп жатыр. Министрлік тарапынан арнаулы әлеуметтік қызметтер 8 бағытта көрсетіледі. Олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, жұмыспен қамту мәселелері», - деді Гаухар Қалмақова.

 

Спикердің айтуынша, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Әлеуметтік кодекс аясында жаңа стандарттар қабылданды. Бұл стандарттар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын айқындайды. Бұдан бөлек, жаңа стандарттар арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін барлық мемлекеттік органның өзара іс-қимылын белгілейді. Дағдарыс орталықтарында қызмет көрсету мерзімі 6 айға дейінгі уақытты қамтиды. Қажет болған жағдайда ол ұзартылуы мүмкін.

 

Мұндай әлеуметтік қызмет 2022 жылдан бастап шетелдік азаматтарға да көрсетіліп жатыр, деп хабарлады Гаухар Қалмақова.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости