RSS лента

Қазақстан су үнемдеуді Франциядан үйренбек

  • 14.12.2023, 21:57,
  • 435
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен кездесуде министрліктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып, су саласының мамандарын даярлау бағытында жаңа жоғары білім беру бағдарламаларын дайындау немесе саладағы кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесінде серіктестік орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Француз делегациясы Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, «Абай-Верн» бірлескен стипендиялық бағдарламасы аясында бірге жұмыс істеуді ұсынды. Осылайша, магистранттар мен докторанттар Францияда тегін оқуға мүмкіндік алады.

 

Өз кезегінде Елші Қазақстан мен Франция президенттерінің қараша айындағы кездесуі екі ел арасындағы, оның ішінде су саласындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңінің бастамасы болғанын атап өтті. Мәселен, Дубайда өткен Дүниежүзілік Климаттық саммитте қос мемлекеттің БҰҰ Бас Ассамблеясының келесі сессиясы шеңберінде «Бірыңғай су» бірінші тақырыптық саммитінің тең төрағалары болатыны жарияланды.

 

Сонымен қатар, Франция биыл геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросына (BRGM) сеніп тапсырылған су ресурстары саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын іске қосты. 2 жылға созылатын бағдарламаның бірінші бөлігін Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі қолдады. Бағдарлама климаттың өзгеруі, су саласын цифрландыру және су ресурстарын басқарудағы модельдеу секілді мәселелер бойынша тәжірибе алмасуды көздейді.

 

Сондай-ақ, биыл бағдарлама аясында 8 семинар өтті, ал бірқатар мамандар Францияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Келесі жылы делегациялардың семинарлары мен сапарларынан басқа, бағдарламаны іске асыру барысында отандық мамандар алған барлық ақпаратты қамтитын тұжырымдаманы әзірлеу жоспарланып отыр.

 

Кездесуге қатысқан Француз даму агенттігінің (AFD) өкілдері 2024 жылдың басында мүмкіндігі мол бірлескен жобаларды талқылау үшін франциялық сарапшылардың Қазақстанға сапары жоспарланғанын мәлімдеді.

 

«Біз өзара іс-қимыл салаларын сараптамалық топтар деңгейінде анықтаймыз. Біздің министрлік француз әріптестерімізбен екіжақты қарым-қатынастарды қарқынды дамытуға дайын. Біз сәтті серіктестік орнататын көптеген бағыттар бар. Бізде халықаралық қаржы институттарымен, түрлі ұйымдармен жұмыс тәжірибесі жеткілікті және оны бірлескен жобалар аясында қолдануға дайынбыз», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости