RSS лента

Қоқыстан құтылуға 200 млрд теңге жұмсалмақ

  • 15.02.2024, 12:20,
  • 329
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

«Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу технологияларын енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған, қалдықтарды басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру жобаларына 200 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінен білгеніміздей, бұл сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3%-дан аспайтын 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге қайтарымды қаржы болып табылады.

 

«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасында қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту және қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыру мақсатында Экологиялық кодекске сәйкес кәдеге жарату төлемі түріндегі банктік шотқа өндірушілер мен импорттаушылардан түскен қаржыны бағыттай алады.

 

Бұл шара 2030 жылға қарай 40% және 2050 жылға қарай 50% көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің деңгейін арттыру мақсатында және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асырудағы тағы бір қадам болып табылады.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости