RSS лента

Ғылыми технологиялар өндірісте қалай қолданылуда?

  • 16.10.2024, 14:02,
  • 65
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңда ғалымдарды ынталандыру ержелері, ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істеу, келешекте өндіріске қажет болатын ақпараттық технологиялармен жұмыс жүргізу сынды тетіктер қамтылған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Закидің ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, қазір ғылымды басқару жүйесі бірнеше сатыдан тұрады. Мәселен, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңес сәйкес шешімдерді шығарады. Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия қаржыландыру шешімдерін айқындайды. Нәтижесінде қаржы үйлестіріліп, ғылымға қажетті тақырыптар нақтыланады. 

 

«Технологиялардың алғашқы төрт деңгейі бар. Біріншісі, іргелі ғылымның қаншалықты қолданбалы деңгейге шығу мерзімі. Өйткені, көпшілігінде гипотеза анықталады. Одан кейін зерттеу әдістемелері арқылы сол теориялар, модельдер ашылады. Нәтижесінде, оны қаншалықты қолданбалы деңгейге шығаруға болатындығы осы деңгейде анықталады. 5-7 деңгейде ол қолданбалы практикалық идея өнідіріске нақты лабораториялық тұрғыдан өтіп барып, өндірістік кеңістікте сәйкес бағаланып, соның қандай да бір оң өнімін алуға болатындығын айқын көрінісін анықтауға болады», – деді спикер. 

 

Ал, 8-9 деңгейлер технологиялардың өндірістегі кең таралуын қамтиды. Мәселен, 20 жыл бұрын селенді шығарудың теоретикалық тұрғыда іргелі ғылым болып қалыптасса, лабораториядағы алғашқы ізденістердің арқасында біршама жылдар өткеннен кейін оның керек вакум-дистилляциялық құрылғысы жасалып, цехта орнатылып, 2023 жылы өндіріске енгізілді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости