RSS лента

Ғылыми атақ үшін қосымша ақы төленеді

  • 13.04.2023, 16:04,
  • 529
  • 0
  • Автор:
Автор фото: egemen.kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жас ғалымдарға ең алдымен өзінің ғылыми академиялық дәстүрлері бар ғылыми орта керек. Сонда ғана ол Қазақстанның ішіндегі ғылыми жетістіктерді әлемдік деңгейдегі жетістіктермен салыстыра тұра, оған сәйкес сапалы бір шыңдарға шыға алады.

 

Дархан Ахмед-Заки соңғы екі жылдың ішінде іргелі зерттеулерге бағытталған институттарды тікелей қаржыландыру жолы заңнамамен айқындалғанын жеткізді. Екіншіден, жылда бөлінетін гранттық қаржыландыру шеңберінде гранттың көлемі 1,5-2 есе өсіп, соған сәйкес грант ұтып алған ғалымдардың жалақысы өсті. Үшіншіден, ғылыми  ортаны қалыптастыру үшін оған сәйкес қажетті заманауи жабдықтарға көңіл аударылып, қаржы да бөлінді.

 

    «Президенттің бүгін берген тапсырмасында ғылыми дәреже мен ғылыми атаққа (профессор, доцент атағына) қосымша ақы төлеу мәселесі көтерілді. Біздің ғалымдар ғылыммен айналысып жүріп зерттеу институттарында, университеттерде жүрген кезінде соған қоса жалақы алсын деген тапсырма берілді. Енді соны жақын арада есептеп, Үкіметтің қарауына ұсынамыз», - деді Дархан Ахмед-Заки.

 

Сонымен қатар, ол құрал-жабдықпен қамтамасыз етуде біршама қиындық бар екенін айтты. Мемлекеттік сату шеңберінде озық құрал-жабдықтар емес, көбіне ең арзаны сатып алынып жатады. Осыған орай, бүгін тікелей тапсырмамен мемлекеттік сату тетіктеріне байланысты келіп түскен ұсыныс әрі қарай пысықталатын болады.

 

    «Осыдан 2-3 жыл бұрын мықты қолдаудың арқасында өзіміздің «QazVac» вакцинасының өндірісі сәйкес жолға қойылып, қазақстандықтар 5 млн астам вакцина алғандықтан, бұл індеттің алдын алу жолы өзін айқын көрсетті. Сол авторлардың бірі, «Казбиофарм» холдингінің бастығы Күнсұлу Закария Президенттің сәйкес шешімімен Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды. Осының барлығы - ғылым жолында жүрген нағыз ғалымдардың жетістіктері мемлекеттен өте жоғары қолдау тауып жатқанының көрінісі», - деді Ғылым комитетінің төрағасы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости