RSS лента

Ұлттық ғылым академиясының президенті тағайындалды

  • 12.04.2023, 11:50,
  • 577
  • 0
  • Автор:
Автор фото: gov.kz

Президент өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Күнсұлу Дальтонқызы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинасын әзірлеуге қатысқан.


«Биоқауіпсіздік және биотехнология» ғылыми журналының бас редакторы. 200-ден астам ғылыми жарияланымның, 8 ғылыми-әдістемелік құралдың, 5 монографияның, 29 өнертабысқа берілетін патенттің, оның ішінде 2 халықаралық патенттің, профилактикалық және диагностикалық препараттар өндірісі бойынша 7 нормативтік-техникалық құжаттың авторы.


2022 жылдың 22 тамызында «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директорының лауазымына тағайындалды. Оған дейін ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемасын ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры қызметін атқарды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости