RSS лента

Ғылыми жобаларды бизнесмендер қаржыландырмақ

  • 16.10.2024, 16:11,
  • 115
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Ел өңірлерінде жүргізілген зерттеулер хакатондар арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі компаниялармен бірге отандық ғалымдардың қандай ғылыми шешімдер беретіні анықталады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Закидің ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, ведомство «Самұрық-Қазына» қорына еншілес компаниялармен жұмыс жоспары бекітілді. Ең бірінші жоба «Қазатомөнеркәсіп» компаниясымен бірге жүзеге асырылды. 

 

«Айқындалған кестеде 4-6 қарашада «KazMinerals» компаниясымен жұмыс жасаймыз. Мұнда көрініп отырғандай, ғалымдардың саны белгіленген, қандай университеттер, әрине, нәтижесінде нақты қандай тапсырмалар орындалатынын көруге болады. Мәселен, «Kazakhmys» компаниясына байланысты айта кетсек, бұл жерде флотациялық әдістеме технологияларының дамуы келесі деңгейін анықтау, одан кейін сәйкес өнім  қалдықтарының ішінен керекті қосымша металл мен химиялық элементтерді бөліп алу, содан кейін басқа да ақпараттық технологиялар болсын, немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырмалары айқындалып, қазіргі таңда осы бағытта ғылыми сүйемелдеу жүзеге асуда», – деді спикер. 

 

Жұмысты бастамас бұрын ведомство жобаға қажетті ғалымдарды іріктеп, хакатон шеңберінде әр тапсырма талқыланады. Бұған дейін Ғылым қоры арқылы коммерцияландыру гранттары үйлестірілетін болса, қазіргі таңда оған қосымша венчурлық қаржыландыру жүйесі енгізілмек. Яғни, бизнес барлық тәуекелді өз мойнына алады. 

 

Ғылыми ізденіс жобалары қысқа мерзімде нәтиже бермейді. Сондықтан алдымен олар іргелі зерттеулерден өту керек. Сол кезде бизнес тарапынан қызығушылық болса, жобаға кәсіпкерлердің қаржысы тартылады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости