RSS лента

Денсаулық сақтау министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

  • 19.07.2024, 09:20,
  • 149
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуі әрбір 3-5 жыл сайын байқалады және бұл бірінші кезекте балалар арасында жоспарлы вакцинацияны өткізіп алу және вакцинациядан бас тарту себебінен халықтың иммундалмаған тобының жинақталуымен байланысты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова хабарлады. «Балаларды ауыр жұқпалы аурулардан қорғаудың жалғыз жолы – иммунопрофилактика. Осыған байланысты ата-аналар дәрігердің ұсынымдарын орындап, балаларды вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы уақытылы егу керек», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

 

Биыл 15 шілдедегі жағдай бойынша 324 мыңнан астам бала (қызылшаға қарсы 85 мыңнан астам, көкжөтелге қарсы - 103 мыңнан астам бала) егілді.

 

ДСМ өкілінің айтуынша, елімізде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Биыл маусымда 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 91%-ға, мамыр айымен салыстырғанда 42,5%-ға төмендеген.

 

«Соңғы аптада қызылшаның 94 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 72 жағдайға төмендегені байқалады», - деді спикер.

 

Сонымен қатар, шілде айының басынан бастап көкжөтелмен сырқаттанушылық төмендеген: соңғы аптада көкжөтелдің 60 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 50 жағдайға азайды.

 

«Қызылшамен және көкжөтелмен сырқаттанушылық вакцинацияланбаған балалардың есебінен тіркелуге, бұл науқас балалар санының 80-нен 90%-на дейін құрайды. Балалардың 61%-ы екпеден бас тартуға, 22%-ы медициналық көрсеткіштер бойынша кейінгі қалдыруға, 17%-ы егу мәртебесіне жетпеуіне байланысты егілмеген», - деді ДСМ өкілі.

 

Қыркүйек айында 11 жастағы қыз балаларды Адамның папиллома вирусына қарсы вакцинациялау жоспарлануда. АПВ-ға қарсы вакцинацияға АПВ-ның барынша онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайтын «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады.

 

«АПВ-ға қарсы вакцинация онкологиялық аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының ауыртпалығын азайтуға мүмкіндік береді және жалпы халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға және онкологиялық аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге ықпал етеді. Қазақстанда жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші орында және сүт безі обырынан кейінгі фертильді жастағы (25-44 жас) әйелдердің өлімінің екінші себебі болып табылады», - деді Зәуре Ахметова.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости