RSS лента

1,2 млн. астам бала қызылшаға қарсы вакцинациялаумен қамтылды

  • 06.02.2024, 13:56,
  • 190
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Елде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше,қаңтар айында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылық 8%-ға төмендеді. Сонымен, жеті өңірде (Алматы, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстары) сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, 11 өңірде жағдай тұрақты  және сырқаттанушылықтың өсуі Ақтөбе және Атырау облыстарында сақталуда.


2023 жылы Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы 700 мыңнан астам бала және бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 210 мыңнан астам бала толықтыру  иммундауы шеңберінде егілді.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости