"Шектеу тек жеке ұйымдасқан топтар мен ұйымдарға қатысты қабылдануы мүмкін, онда аурушаңдық деңгейінің өсуі байқалады", - деді ол.
Естеріңізге салайық, бүгінде елімізде қызылшаның 17 687 жағдайы тіркелді. Олардың 82%-дан астамы балалар. Жоғары деңгей Шымкент пен Алматы, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалады.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, жоспарлы иммундаумен 600 мыңнан астам бала қамтылғанын, бұл ДДҰ ұсынымына сәйкес келетін 1 және 6 жастағы балалардың 84,0%-ын құрайды. Ағымдағы жылы қосымша иммундау туралы қабылданған шешімдерді ескере отырып, барлығы 770 мыңнан астам бала егілді.
Вакциналармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша министр қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн. дозасы сатып алынғанын, оның 500 мың дозасы түскенін, желтоқсан айында 1 млн. доза жеткізілетінін хабарлады.