RSS лента

Автобус жүргізушілерінің жалақысы өсе ме?

  • 05.06.2024, 16:12,
  • 356
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Соңғы кезде автобустардың жүрісі сиреді. Тұрғындардың да бұған қатысты арыз-шағымы азаяр емес, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселен, алақандай Атырауды алсақ, №№3,12, 22, 30 А, 62 бағыттарында қатынайтын автобустардың уақыт айырмасы айтарлықтай зор.

 

Екіншіден, жүргізушілер де тапшы болып отыр. Мұны «СмартАтырау» мекемесі де жасырмайды. Бұрын орташа 100 жүргізуші жетпесе, қазір бұл көрсеткіш 160-қа тіреліп тұр. Қазір олардың жалақысы – 380 мың теңге. Ал, мемлекет тек 320 мың теңгеге дейін субсидиялайды екен. Қалғанын автобус парктері өздері толықтырады.

 

"Жүргізушілер қолға 450 мың теңге алу үшін субсидия көлемін ұлғайту керек. Сонда тапшылықты да жоюға болады. Яғни, жүргізушілер жаппай мұнай компанияларына кетпейді" дейді тасымалдаушы тарап.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости