RSS лента

Елімізде тағы 18 қала пайда болуы мүмкін

  • 29.04.2024, 09:38,
  • 178
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Бұл туралы республика Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, Қазақстанда 10 мыңнан астам тұрғыны бар 112 ауыл бар. Оның ішінде 18 елді мекенде 30 мыңнан астам адам тұрады. Заң бойынша оларға қала мәртебесі берілуі тиіс.

 

– Тиісті нормасы бар заң 2021 жылы күшіне енді. Енді облыс әкімдіктері мәслихаттардың өтініштерін қарап жатыр. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ, жұмыс жүргізілуде. Үш жылдың ішінде халық саны 10 мыңға жетсе, елді мекенге қала мәртебесі берілуі мүмкін. Мұндай шешімді тиісті облыс әкімдіктері қабылдайды, – дейді ол.

 

Айта кету керек, қалаға айналуы мүмкін елді мекендердің қатарында Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы ауылдар бар.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости