RSS лента

Тұрғындарды қаруланған топ кепілге алғаны рас па?

  • 16.04.2024, 14:23,
  • 457
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Бұл туралы Маңғыстау облысының полициясына хабарлама түскен, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қонақүйде Атырау облысындағы Құлсары қаласынан көшірілген тұрғындарды қаруланған біреулер кепілге алғаны туралы полицияға қоңырау түскен. Кейін бұл жалған ақпарат болып шыққан. Артынша Бейнеу ауылының 22 жастағы азаматшасы ұсталды. Ол автобуста ұрлап кеткен ұялы телефон арқылы қоңырау шалған екен.

 

Қазір бөтеннің мүлкін ұрлау және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости