RSS лента

Атырауда мектепті жарғысы келген кім?

  • 29.11.2023, 19:19,
  • 356
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

«Мектепте бомба бар» деген күдікті психиатриялық станционарға жатқызылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау қаласында 1996 жылы туған азамат анасының ұялы телефоны арқылы 102 нөміріне мектептердің бірінде жарылғыш зат орнатылғандығы туралы жалған ақпарат берген. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламасынан кейін оқиға орнына Атырау облысының полиция департаментінің, Атырау облысы прокуратурасының, ҚР ҰҚК-нің Атырау облысы бойынша департаментінің және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барып, тексеру барысында ешқандай жарылғыш құралдың жоқтығын анықтаған.

 

27 жастағы азаматтың анасы заңды өкілі ретінде сот отырысында баласының ауыратынын, оқиға болған күні ауруханадан екпе алып, жай-күйі нашарлағанын айтқан. Сонымен қатар, оның қайда телефон соққанын білмейтінін, бұрын да дәл осындай жағдай болғанын, аталған азаматқа амбулаториялық емдеуді тағайындауды сұраған.

 

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сай аталған азамат «Параноидты шизофрения үздіксіз ағын түрі, тұрақты ақаумен» созылмалы психикалық бұзылуымен ауыратыны расталған.

 

Күдікті ҚР Қылмыстық кодекстің 273-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.


Фото: иллюстрация

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости