Жүйе «Qoldau.kz» платформасы мен «СargoRuqsat» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ МКК Кедендік бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев атап өткендей, жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөлік құралдарының кептелісін болдырмауын және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.
«Автокөлік кептелісінің азаюы шекара маңындағы аудандардағы әлеуметтік және криминогендік жағдайдың жақсаруына, сондай-ақ бекеттердің өткізу қабілеттілігіне әсер етті. Бүгінгі таңда бұл жүйе Орталық Азиядағы бірегей жоба болып табылады», – деді спикер.
Бұдан бөлек, МКК Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетімен бірлесіп, «Qoldau.kz» платформасында шетелдік рұқсат бланкілерін беруді автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізді. Соның арқасында ҚХР-мен шекарада адами фактор жойылып, кедендік бақылау инспекторларының тікелей өткізу бекеттерінде бланктерді алуын болдырмайды.
Сервисті пайдалану нәтижесінде ақпараттық жүйелермен, оның ішінде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесімен интеграциялау есебінен мемлекеттік қызмет көрсету процесі оңтайландырылды, бланктерді бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық факторы алынып тасталды, сондай-ақ нарықтағы отандық тасымалдаушылардың үлесі ұлғайды. Шетелдік рұқсат бланктерін беру құны 1 АЕК-ті құрайды. Бұл қаражат бюджетке түседі.
«Сервис іске қосылған сәттен бастап 106 мыңнан астам шетелдік рұқсат бланктері берілді. Пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, оны іске асыру мерзімдерін 2025 - жылдың 2 тоқсанының соңына дейін Қытай шекарасында ұзарту мәселесі пысықталуда, сондай-ақ осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан – Өзбекстан шекарасында осындай пилоттық жобаны іске қосу жоспарда бар», – деп атап өтті МКК өкілі.
Сондай-ақ өткізу бекеттерінде ірі габаритті және ауыр салмақты автокөлік құралдары үшін арнайы рұқсаттар беру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұған дейін арнайы рұқсаттарды беру процесі 2 жұмыс күні ішінде қарастырылған0 олар тек жұмыс күндерінде берілген болатын. Енді бұл процесс тәуліктік режимге ауыстырылды.
Биыл қаңтар-ақпан айларында үшінші елдермен (Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан) шекарадағы автомобиль өткізу бекеттері арқылы 162 мыңнан астам автокөлік өтті. Былтыр 24 қарашадан бастап ҚХР шекарасындағы «Нұр Жолы» ең ірі автомобиль кедендік өткізу бекеті пилоттық режимде тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Қалғандары 12 сағат қызмет көрсетеді.