Комитетттің мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 1 355 млн.АҚШ доллары сомасын құрайтын 46,2 мың автокөлік әкелінген, 183,6 миллиард теңге кедендік баждар мен салықтар төленді.
Кедендік құн бақылауының қорытындысы бойынша қосымша - 49,4 миллиард теңге өндірілді (бастапқы сомасы 107,5 миллиард тенге, түзетулерді ескере отырып 156,9 миллиард теңге құрады).
ҚР кедендік рәсімдеу электрондық түрде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушысымен олардың цифрлік қолтанбасы арқылы тауарларға декларацияны өз бетінше кез келген жерден ұсыну және қол қою мүмкіндігі бар.
Әкелінетін автокөліктерді кедендік рәсімдеу ережелері өте қарапайым. Импортаушы тауарларды кедендік декларациялау кезінде оның кедендік құның көлік құралын сатып алуға жұмсаған шығындарды, сондай-ақ оны Қазақстанға жеткізумен байланысты шығындар ретінде анықтауға міндетті (көлік шығындары, сақтандыру төлемдері және т.б).
Сондықтан көлік құралын кедендік құнды қабылдау үшін оның құны сенімді, сандық және құжатталған ақпаратқа негізделуі керек.