Ресей мұнайын Қазақстанға жеткізу кезінде уақытша кедендік декларациялау алып тасталады
- 08.11.2023, 12:06,
- 195
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: pixabay.com/egonetix_xyz
Депутаттар Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық келісімі туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.
Келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға 2022 жылы 18 шілдеде Мәскеуде қол қойылды. Мақсаты – Ресей мұнай өнімдерін Қазақстанға жеткізу кезінде уақытша мерзімді кедендік декларациялауды алып тастау.
Түзетулер бәсекелестіктің дамуына, сондай-ақ баға белгілеу және жеткізу мерзімдері бөлігінде өз мүдделерін ескере отырып, мұнай өнімдерін еркін сатып ала алатын қазақстандық кәсіпкерлер үшін оң әсер ететін болады.