RSS лента

Шетелдік көліктер: 1 қыркүйекке дейін...

  • 16.08.2023, 17:11,
  • 516
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы айтып берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚР ІІМ басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруда. Осы тапсырманы орындау мақсатында 2022 жылы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін 200 мың теңге алым мөлшерін айқындау және кәдеге жарату алымынан босату бөлігінде қажетті заңнамалық өзгерістер, атап айтқанда, Салық кодексіне және Экологиялық кодекске өзгерістер енгізілген. Үкімет тің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №13 қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркеген үшін алым мөлшерлемесін қолданудың және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, өндірушілерді кеңейтілген міндеттемелерінен, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарынан босатудың қағидалары, шарттары мен мерзімдері бекітілген.

 

    «Бекітілген қағидаларға сәйкес заңдастыруға өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырылды. Бұл ретте өтінімді уақытылы берген және белгіленген мерзімде автомобильді заңдастырып үлгермеген Қазақстан азаматтарына оларды заңдастыру құқығы осы жылдың 1 шілдесінен кейін де берілді», – деді Қ. Сұлтанбаев.

 

Бүгінгі таңда барлығы 220 мыңнан астам автокөлік заңдастырылған. Заңдастыру кезінде Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген талаптар нақты басшылыққа алынған.

 

    «Яғни, заңдастыруға жататын автокөліктер, олар – 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген автокөліктер; қылмыстық іздеуде болмаған автокөліктер және кедендік рәсімдеуден өткен автокөліктер», – деп нақтылады ІІМ өкілі.

 

Сонымен қатар ол автокөліктерді заңдастыру барысында туындаған проблемалардың шешілгенін айтты. Мәселен, қосалқы бөлшектер түрінде әкелінген, елден тыс жерлерде иеліктен шығару және әкету құқығынсыз автомобильдерді қазақстандық есепке қоюға рұқсат етілді.

 

    «17 мыңға жуық автоконструктор тіркеуге алынды. Ал ЕАЭО елдерінде есептен шығарылмаған автомобильдер үшін оларға қойылған шектеулерге байланысты оларды кері әкету немесе заңдастыру шарттарында бастапқы тіркеуден өту жөніндегі міндеттемемен, олар басқа елде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған жағдайда 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою жолымен заңдастыру үшін кейінге қалдыру берілді», – деді комитет төрағасы.

 

Бұл орайда елімізде 14 мыңнан астам автокөлік уақытша тіркеуге алынған.


Спикердің айтуынша, заңдастыру науқаны басталар алдында бірқатар заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізілген. Олардың біріне сәйкес, ескі сақтандыру полистері тек бір жылға жарамды. Осы мерзім аяқталғаннан кейін олар жарамсыз болады, ал жаңасы көлік құралы толық тіркелгенге дейін берілмейді.

 

    «Яғни, сақтандыру мерзімі таусылғандардың бұл көлікті басқаруға құқығы жоқ. Тиісінше, Әкімшілік кодекс шеңберінде оларға бірінші жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұзушылық қайта орын алған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылады, ал автомобиль айып тұрағына жіберіледі», – деп түсіндірді комитет басшысы.

 

Мұндай көлік иелерінің арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда көлікті сақтандыру полисінсіз, техникалық тексеруден өткізбей басқарған 2 мыңнан астам көлік иесі анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1700 автокөлік айып тұрағына жеткізілді.

 

Комитет төрағасы осындай автокөлік құралдарының иелеріне автокөліктер ЕАЭО елдерінен әкелінген болса, онда кәдеге жарату алымын, алғашқы тіркеу және техникалық паспорт беру жөніндегі қызметтер үшін алым төлеуге кеңес берді. Мұндай көліктердің 95 мың иесі ресімдеуден өтіп, тиісті құжаттарын алды.

 

    «Өз көліктерін заңды түрде есепке қойғысы келетіндердің барлығына 1 қыркүйекке дейін мерзім беріледі. Олай жасамаған жағдайда оларға қатысты заңды шаралар қабылданады», – деп түйіндеді Қ.Сұлтанбаев.


Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру кезеңінде Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесінде тексеру арқылы кедендік тазартудан өткені туралы анықтамалар берілді. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бақылау департаменті директорының м.а. Ержан Әбдірахманов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында кедендік тазарту тәсілдері жайлы айтып берді.

 

Спикер атап өткендей, ЕАЭО аясында кеденнен өткен тауарлар мен көлік құралдары бойынша өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылады. Алынған мәліметтер деректердің ақпараттық қоймасына орналастырылады.

 

Автокөлікті кедендік тазарту үш тәсілмен жүргізіледі. Біріншіден, БКТ мөлшерлемелері бойынша декларация беру арқылы. Ол үшін бірқатар төлемді төлеу қажет. Бұл 20 мың теңге мөлшеріндегі кедендік алым (қазіргі уақытта 6 АЕК – 20 600 теңге); кедендік баж төлеу (егер көлік құралының қозғалтқышының көлемі 3 мың текше см асқан жағдайда акциз де төлеу қажет); ҚҚС төлеу қажет; дөңгелекті көлік құралының қауіпсіздік сертификатын алу.

 

    «Екінші тәсіл – ДСҰ ставкалары бойынша тауарларға декларация беру. Бұл жағдайда көлік құралын ЕАЭО елдеріне иеліктен шығару құқығынсыз Қазақстанда ғана тұтыну түрінде шектеулер бар. Бұл тәсілде де кедендік алым, кедендік баж және егер қозғалтқыштың көлемі 3 мың текше см асатын болса, акциздер төленеді. ҚҚС төленеді және КҚКҚК алу қажет.

 

    Үшінші тәсіл - жолаушылар кедендік декларацияны тапсыру. Бұл ретте бекітілген мөлшерлемелер бойынша жиынтық кедендік төлем ғана төленеді, деп атап өтті МКК өкілі.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости