Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков жобалардың ерекшеліктері туралы айтып берді. Мұндай жобалардың бірі - «Е-заң көмек». Жоба адвокаттардың, заң кеңесшілерінің қызметін, олардың процеске қатысушылармен және басқа да мүдделі тараптармен онлайн - өзара іс-қимылын автоматтандыруға бағытталған.
«Біз азаматтар мен адвокаттарға көмектесетін ақпараттық жүйе әзірледік. Бұл көмек көрсетілуі тиіс адамдарға қандай адвокат қандай көмек көрсеткенін тіркейтін жүйе. Сондай-ақ қазір заң кеңесшілері деген ұғым бар. Бірінші тоқсанда бұл жүйені осы жүйе, мобильді қосымша арқылы кеңес алуға болатындай етіп жетілдіреміз. Біз авторизация мен қол қоюдың Face ID арқылы болғанын қалаймыз, сондықтан қолдан жасау деген болмайды», - деді спикер.
Әділет вице-министрінің айтуынша, азамат белгілі бір адвокатты немесе заң кеңесшісін қалай таңдауға болатынын түсінуі үшін адвокаттардың, заң кеңесшілерінің рейтингі болады.
Сондай-ақ азаматтар 1414 байланыс орталығы арқылы заңгерлік кеңес ала алады.