RSS лента

Жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды

  • 26.12.2022, 11:12,
  • 400
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңда адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі көзделген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта адвокаттарды тағайындау, олардың еңбегіне ақы төлеу рәсімдерін автоматтандыратын «Е-заң көмегі» АЖ енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті.


АЖ 2019 жылғы маусымда өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді, ақпараттық қауіпсіздік талаптары сәйкестігіне тексеруден өтті. Жүйенің толық жұмыс істеуі 2022 жылдың 3 тоқсанынан басталды.


«Адвокаттарды электрондық форматта тағайындау бүгінгі күннің жағдайында өзінің тиімділігі мен маңыздылығын көрсетті. Бұл іс-шаралар қылмыстық процесті жүргізетін қызметкерлерге адвокат тағайындауға, қорғаушының күдіктіге қатысуын қамтамасыз ету туралы қаулы шығаруға және мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде күдіктіні автоматтандырылған режимде қорғауға байланысты заң көмегіне ақы төлеу туралы қаулы шығаруға мүмкіндік берді. АЖ білікті заң көмегіне еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді, азаматтар үшін қажетті ақпаратты алуға, сондай-ақ онлайн режимде құқықтық кеңес беруге мүмкіндік береді. Осылайша, АЖ іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін электрондық форматта полиция органдары адвокаттарды қорғаушы ретінде тағайындау жөнінде 25 492 өтініш хат жолдады, оның ішінде адвокаттар – 22 307-ін растады», - деді вице-министр.


Бұдан басқа, өзге мемлекеттік органдардың бірқатар ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізіліп жатыр.


Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету әділет департаментімен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім жасасқан адвокаттың міндеті болып табылады. ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда, адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөніндегі қызметін ұйымдастыруды адвокаттар алқасы қамтамасыз етеді. Осы мақсатта адвокаттар алқалары жыл сайын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін қалыптастырады, содан кейін аумақтық әділет органдарына Ашық деректер порталына орналастыру үшін жолдайды.


Алма Мұқанованың айтуынша, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж адамдар оны тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан ҚР аумағында алуға құқылы.


«Заңның 33-бабының 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар болмаған кезде қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқылы емес және және қорғалатын тұлғаның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша сот төрелігіне сай емес үкiм шығарылған жағдайда, оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi. Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегі үшін адамнан төлем талап етуге құқығы жоқ. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат, ең алдымен, табысы төмен адамдарға қатысты осындай көмек көрсету жүйесін жетілдірудің басымдығын белгілейді. Шетелдік тәжірибені ескере отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарын білікті заң көмегімен толық қамту мақсатында адвокаттар мен заң кеңесшілерінің мемлекет кепілдік берген заң көмегінен өзгеше pro bono (кешенді әлеуметтік заң көмегін) көрсетуі көзделген. Мұндай көмекті адвокаттар мен заң консультанттары клиент заң көмегіне жүгінген сәттен бастап құқықтық жағдай шешілгенге дейін оны толық сүйемелдей отырып, өтеусіз және ерікті негізде көрсетеді», - деді спикер.


Кешенді әлеуметтік заң көмегі жүйесін енгізу Қазақстанның барлық өңірлерінде өзінің өзектілігін көрсетті және азаматтар арасында қызығушылық тудырады. Бүгінгі таңда ел бойынша кешенді әлеуметтік заң көмегі 2 мыңнан астам азаматқа көрсетілді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости