RSS лента

Шекара арқылы ірі көлемде психотроптық заттар өткізбек болғандар ұсталды

  • 27.02.2024, 12:21,
  • 198
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Психотроптық заттарды мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті тергеп-тексеруде, деп хабарлайды Turantimes.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді.


Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.


Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости