RSS лента

Келіншек психотроптық дәрі мен қару сатқан

  • 10.01.2022, 02:32,
  • 332
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Атырау облысының коменданты Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша Төтенше жағдай кезінде қызмет атқарып жүрген полицейлер блок-бекеттен суық қару өткізбек болған көлік пен түрлі психотроптық  дәрі сатушыларды ұстады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

9 қаңтар күні Атырау қаласына кіре беріс тұстағы блок-бекеттен 10-ға жуық  аңшы пышағын  өткізбек болған көлік анықталды. Сондай-ақ, Департаменттің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қала аумағында әсері жоғары психотропты дәрілерді өткізбек болған 4 адамды ұстады. Оларды ұстау кезінде 2 тапанша мен 736 таблетка, 236 ампула түріндегі психотропты  дәрілер тәркіленді.  Полиция тергеу амалдарын бастап кетті.

Оставить комментарий
Последние новости