Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру жүйесіне ҚР жалпы білім беру жүйесінің бірыңғай нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік саласында жұмыс істейтін 9 әскери оқу орны кіреді.
Қазіргі уақытта әскери кадрларды даярлау білім берудің келесі деңгейлері бойынша жүзеге асырылады:
- орта (3 Республикалық "Жас ұлан"мектебі);
- техникалық және кәсіптік (2 әскери колледж);
- жоғары (бакалавриат) (3 Әскери институт);
– жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура және докторантура) - Ұлттық қорғаныс университеті.
Әскери кадрлар шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарында да жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ала алады. Қазақстанның азаматтық жоғары білім беру орындары жанындағы әскери кафедраларда әскери-оқытылған резервті (запастағы сержанттар мен офицерлер) даярлау жүзеге асырылады.
«Орта білім беру «Жас ұлан» үш республикалық мектебінде негізгі орта білім беру базасында (10-11 сыныптар) жүзеге асырылады, ол белгіленген нормаларға сәйкес, бюджет қаражаты есебінен толық қамтамасыз етіледі. Республикалық мектептердің қабырғасынан еліміздің 14 мыңнан астам патриоты шығарылды. Жыл сайын оқу ордаларын 300-ден астам адам бітіреді. Олардың көбі ҚР ҚМ, ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР ТЖМ және ҚР ҰҚ оқу орындарына түседі. «Жас ұлан» мектептері шет тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытатын және дене шынықтыруды күшейтетін жалпы орта білім беру бағдарламасын іске асыратын оқу орындары болып табылады. Мектептердің тыныс – тіршілігі интернаттық жүйе бойынша ұйымдастырылған. Тәрбиеленушілердің осында тұруы белгіленген нормаларға сәйкес, бюджет қаражаты есебінен толық қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті спикер.
ҚР ҚК Әскери білім мен ғылымды дамытудың 2030 - жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес үш «Жас ұлан» мектебін әскери колледждерге айналдыру көзделген. Техникалық және кәсіптік білім беру 9 және 11-сыныптардан кейін Астана және Щучинск қалаларының әскери колледждерінде негізгі және орта білім беру базасында жүзеге асырылады.
ҚР ҚК мотоатқыштар бөлімшелерінің сержанттық құрамының лауазымдарын жинақтауды Щучинск қаласындағы әскери колледж түлектері үш біліктілік бойынша жүзеге асырады: мотоатқыштар бөлімшелерін басқару; зымыран әскерлері мен артиллерия әскерлерінің бөлімшелерін басқару; танк бөлімшелерін басқару. Биыл Әскери колледжге қабылдау 9 және 11-сыныптар базасында жүзеге асырылады. Оқу орындарында барлығы 280 орын бар. Астана әскери колледжіне 200 адам қабылданады.
«Өткен жылдар аралығында колледжден 4 мыңнан астам кәсіби сержант шығарылды. Әскери колледж түлектері ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР ТЖМ, ҚР МКҚ және ҚР ҰҚ қатарында қызмет атқарып жатыр. Жалпы, сала бойынша жоғары білім беру, кадрлық әскери даярлау үш әскери институтта жүзеге асырылады. Бұл оқу ордаларында әскери даярлық пен Қарулы Күштер түрлерінің негізгі мамандықтары қамтылған», – деп атап өтті спикер.
Әскери институттардан барлығы 35 мыңнан астам офицер шығарылды. Олар ҚР ҚМ, ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР ТЖМ, ҚР ҰҚ және СҚО қатарында қызмет атқарып жатыр. 50-ден астам түлек «Генерал» жоғары әскери атағына ие болды. Әскери институттарға жыл сайын 700-ден астам адамды қабылданады.
Әскери колледжге оқуға түсетін жылы 15 жасқа толған, бірақ 17 жастан аспаған, 9-шы сыныпты аяқтаған жасөспірімдер қабылданады және оқу мерзімі 2 жыл 10 айды құрайды.
Оның айтуынша, кәсіпқой сержанттарды даярлау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін талап етілетін үш мамандық пен төрт біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, оқу ордасы байланыс, радиоэлектроника және коммуникация құралдарының технигі, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану, жөндеу технигі, инженерлік саперлік бөлімшелерді басқару, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері бөлімшілерін басқару бойынша маман даярлайды.
«Оқуды бітірген азаматтар «кіші сержант» әскери атағын, «В» және «С1» санатындағы жүргізушілерді даярлау курстарын аяқтағаны туралы куәлікті алады және олар әскери бөлімдерге 100% жұмыспен қамтылады. Әскери колледжде оқуды үздік аяқтаған азаматтар жоғары әскери оқу орындарына бірден екінші курсқа түсуге құқылы және қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырады», – деді спикер.
Колледжден кейін әскери институттарға түсетін азаматтар колледжде оқу кезеңінде өткізілетін рейтингтік іріктеу нәтижелері бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ қабылданады. Айта кетерлігі, биыл «Жас Ұлан» республикалық мектеп базасында құрылған әскери колледжді алғашқы түлектер, кәсіби сержанттар бітіріп шығады.