Жұмыс берушінің түсіндірмесіне сәйкес, қазіргі уақытта зауыт жұмысын тоқтату үшін дайындық шаралары жүріп жатыр. Қызметкерлерді толық жұмыстан шығару қарастырылмайды. 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап кәсіпорын жұмысын қайта бастауды жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кенішіндегі апат болды. Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ шахтасына құтқарушылар мінген автобус құлап кетті. «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ТЖД құтқарушылары құмнан 2 адамның мәйіті табылды. Ал қалған жүргізуші мен құтқарушыныавариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу мүмкін болмағандықтан іздестіру жұмыстары тоқтатылған еді.