RSS лента

Коммуналдық басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдікті

  • 09.02.2024, 16:26,
  • 329
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы» КММ басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Turantimes.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне сілтеме жасап.  

Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді. Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген.


Күдікті үй қамағына алынды. Тергеу жалғасуда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости